Абай облысында қатерлі ісік ауруын жеңіп шыққан сотталған босатылып шықты
Абай облысында қатерлі ісік ауруын жеңіп шыққан сотталған босатылып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының тұрғыны сағат пен ақша ұрлағаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын, бірақ пробациялық есепте тұрғанда бақылаудан жасырынып жүрген, сондықтан өтелмеген жаза мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.
2023 жылдың шілдесінде ол жазасын өтеу үшін Абай облысының әйелдер колониясына жіберілген болатын. Колонияға келгеннен бастап медицина мамандары тексерістен өткізген кезде сүт безі қатерлі ісігінің пайда болуына күдіктеніп, диагнозды растау үшін мекеменің медицина қызметкерлері толық медициналық тексеруден өткізе бастады. Диагнозы расталып, сол жылдың қазан айында Семей онкологиялық ауруханасында омырау обырын алып тастау операциясы жасалды. Сонымен, 2024 жылдың маусымына дейін емдеу оң нәтиже беретініне сеніп, ол химиотерапия және сәулелік терапия курстарынан өтті. Бүгінде қатерлі ісік ауруын жеңген әйел мекемеден жазасын неғұрлым жеңілдетілген жазаға ауыстыруына байланысты соттың қаулысымен босатылып шықты.
– Мен, мекеме әкімшілігіне өте ризамын, колонияға келіп, өзімнің қатерлі ауруға шалдыққанымды біліп, диагнозым туралы білдім. Қазір менің жағдайым әлдеқайда жақсы, бұл ауруды жеңдім деп ойлаймын және менің ойымша, әлі алда бәрі жақсы болады. Мені үйде 12 және 10 жастағы екі ұлым күтуде. Енді қиындықтарды жеңе отырып, алкогольсіз және қылмыс жасамайтын мүлдем басқа өмір болатынына сенімдімін, – деп бөлісті босатылған әйел.