Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде ашық есік күні ұйымдастырылды
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №62 мекемесінде ашық есік күні өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған іс-шараға сотталғандардың 20-дан астам туысы қатысты, олар өздерінің жақындарының жазасын өтеу жағдайларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Мекеме басшылығы мекеме бөлігін аралатып, клуб, стадион, асхананы көрсетті, сондай ақ оларды барлық қажетті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етті.
– Мұндай «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізудің маңызы зор. Біз сотталған азаматтарға барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Біз сотталғандар мен олардың жақындары арасындағы байланысты сақтауымыз қажет. Себебі олардың түзелуіне айтарлықтай әсер етеді, – дейді мекеме басшының міндетін атқарушысы Назыл Базылұлы.
Кездесу соңында мекеме басшысы кездесуге келгендердің ішіндегі жасы үлкеніне сотталғандардың жасаған сыйлығын табыс етті.
– Мұнда бәрі таза. Асханасын да көрдік. Тағамдары да өте дәмді болды. Жақынымыздың жазасын қандай жерде, қалай өтеп жатқанын өз көзімізбен көріп, көңіліміз орнына түсті. Мекеме әкімшілігіне көп рақмет, – деді сотталғанның туысы.