Павлодарда шағын футболдан турнир өтті
Павлодарда шағын футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы ПД «Динамо» спорт кешенінде шағын футболдан турнир өтті. Жарысқа 4 команда қатысты: Павлодар қаласы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының ПБ құрамасы. Погондағы спортшылар төзімділік пен командалық ойында нәтижеге жету үшін жарысты. Турнирді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ашты.
– Мұндай жарыстар салауатты өмір салтын таңдауға түрткі болып қана қоймай, дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі болып табылады, сондай-ақ шеберлікті арттыруға ықпал етеді және спорттағы үздіктерді анықтап қана қоймай, полиция қызметкерлерінің командалық рухына да жағымды әсер етеді, – деп атап өтті Марат Шәдетханұлы.
Турнирдің барлық қатысушылары лайықты бәсекелестік рухын көрсетті. Ал табанды күресте шын мәнінде мықты командалар жеңіске жетті,
жарқын матчтар сериясының қорытындысы бойынша Абай облысының құрама командасына құрметті 1 орын, облыс ПД қызметкерлеріне 2 орын берілді. 3 орын ШҚО және СҚО командасы көшбасшылар санын жапты.
– Осындай спорттық іс-шараларға қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Турнир біздің достығымыздың күшін тағы да дәлелдеді. Бұл бірлескен жұмыстың нәтижесі деп санаймын. Алдағы уақытта да осындай спорттық іс-шараларға қатысамыз деп үміттенеміз, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД командасының капитаны Азамат Амангелдинов.
Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.