Түркістан облысы ПД бастығы жеке құрамға қылмыстық істерді тергеу бойынша тапсырмалар жүктеді
Түркістан облысы ПД бастығы жеке құрамға қылмыстық істерді тергеу бойынша тапсырмалар жүктеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Іс-шараға департаменттің құрылым басшылары мен қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде ауыр санатты қылмыстарға қарсы 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуы мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының жағдайы туралы мәселелер қаралды.
Аталған тақырыптар бойынша есептік мерзімде облыс полицейлерімен атқарылған жұмыстар бойынша криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Абдурахманов пен тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қанат Дүмшебаевтардың баяндамалары тыңдалды.
Өз кезегінде полиция генерал-майоры М.Қабденов жеке құрамға ҚР ІІМ тарапынан берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, жәбірленушілердің арыз-шағымын дер кезінде қарауды тапсырды.
– Облыс көлемінде жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібінде қылмыстық істерді сотқа жолдауда, көрсеткіштердің тиімділігі арттырылсын. Полицияға жүгінетін азаматтардың уәждері бойынша бекітілген кестеге сәйкес, үнемі жеке қабылдаулар жүргізілсін. Полицияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мәселелерін шешу бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылсын, -деп атап өтті облыстың бас полицейі.