СҚО-ның әйелдер колониясында ашық есік күні өтті
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №50 мекемесінде сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта мекемеде 300-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр. Іс-шарада 91 сотталғанға бірнеше облыстан 300-ге жуық туысы келді, оның 70-і балалар (Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмолаоблысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Астана қаласы).
Қонақтар алдында мекеме бастығының орынбасары Қайрат Айсақов алғашқы сөз сөйледі. Ол жақындарымен әлеуметтік-пайдалы байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ өркендеу мен отбасылармен тезірек қауышуларын тіледі.
Сотталғандар үшін бүгінгі күн ерекше болды. Мекеме әкімшілігінің бірнеше әйелге дайындаған күтпеген тосын сыйы барлығын таңқалдырды. Жазасын өтеп жатқан К. есімді тұлға сотталғаннан кейін 2 жылдан астам уақыт бойы балаларын көрмеді. Анасы қамауға алынғаннан кейін балаларда басқа жақын туыстары қалмағандықтан, олар балалар үйіне орналастырылды. Іс-шараға қатыса алмаған сотталғандардың туыстары дайындаған бейнероликті көргеннен кейін К. сотталғанға мекеме мен балалар үйінің қызметкерлері балаларын кездесу үшін әкелгенін хабарлады.
– Мекеме әкімшілігіне балаларымды көруге мүмкіндік бергені үшін шексіз ризамын. Бұл өте күтпеген жағдай болды, қызметкерлер мені балапандарым бар бейнероликті көру сылтауымен іс-шараға алып келді. Ал кейін олардың бөлмеге кіргенін көргенде, өз көзіме сене алмадым. Бүгін мен ең бақытты анамын, – деді сотталған.
Содан кейін залға Н. сотталғанның сіңлісі болып шыққан жас ару кірді. Ол басқа қалада тұрғандықтан, іс-шараға алғашқы рет қатысты. Ашық есік күніне келетіні туралы сіңлісі ескертпей, мекеме әкімшілігімен күтпеген кездесуді алдын ала келісті.
Өз кезегінде Г. есімді сотталғанның ұл балалары шағын көрсетілім дайындады. Олар аналарына ән шырқады.
– Ашық есік күні аясында біз бірнеше сотталғанға кішкентай тосын сый дайындауды шештік. Сотталғандардың бірінің балалары балалар үйінде болғандықтан, оларды анасымен кездесуге әкелуге мүмкіндік болмады. Барлық ұйымдастырушылық сәттерді пысықтағаннан кейін мекеме қызметкерлері тәрбиешімен бірлесіп балаларды іс-шараға аман-есен жеткізді. 2 жылдан кейін ананың балалармен, әпкелерінің кездесуін және балалардың әнін әсерлі орындауын көріп, қонақтар мен сотталғандар ғана емес, мекеме қызметкерлері де көз жасын ұстай алмады. Біз сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланысын сақтау үшін қажет нәрсенің бәрін жасауға дайынбыз, – дейді Оксана Вышар.
Іс-шара соңында сотталғандардың туыстары мекемеге келіп, жақындарымен уақыт өткізуге мүмкіндік бергені үшін қызметкерлер мен әкімшілікке шын жүректен алғыстарын білдірді.