Елордада ер адам бұрынғы әйелінің үйінен тұрмыстық техника ұрлаған
Елордада ер адам бұрынғы әйелінің үйінен тұрмыстық техника ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұрлық жәбірленушінің пәтерінде болған. Ер адам бұрыңғы жұбайының үйіне жеке заттарын алуға келген. Алайда сәтті пайдаланып жатын бөлмеге жасырын кіріп, құны 120 мың теңге тұратын Samsung Galaxy планшетін ұрлап, кейіннен оны сатқан. Планшеттің жоғалғанын байқаған әйел, дереу полицияға хабарласқан.
Жедел іс-шаралар барысында Есіл аудандық ПБ қызметкерлері 44 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ол жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған планшет тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Астана қалалық полиция департаменті сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Құнды заттарыңызды үйде бөгде тұлғалар болған кезде қараусыз қалдырмаңыздар.