Полицейлер жол қозғалысының жас инспекторларымен бірге әлеуметтік роликтер түсірді
1 қыркүйек қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жол қозғалысының жас инспекторларымен бірге бейнероликтер түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалармен бірге патрульдік полиция қызметкерлері оқушылар мен олардың ата-аналарына жол ережелерін сақтау туралы бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желілерде таратты.
Пушкин мен Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы түсірілім алаңдарына айналды. Онда сюжет желісі бойынша ережені бұзған бала апатқа ұшырайды, кейін полиция қызметкерімен сөйлескеннен кейін ол адамдарға жазатайым оқиғалардан аулақ болуға көмектесу үшін тәртіп сақшысы мамандығын таңдауды шешеді.
– Біздің мақсатымыз – креативті ұсыным арқылы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің назарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыру. Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелдерінде жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын беруге міндетті. Балаларды тасымалдау кезінде арнайы ұстау құрылғыларын пайдалану қажет. Жолдан белгіленбеген жерде өтуге, 14 жасқа дейінгі жолда велосипедпен жүруге, жаяу жүргіншілер өткелімен велосипедпен жүруге тыйым салынады, – деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
Актерлер патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, ювеналды полицейлер және 6 және 7-сынып оқушылары болды. Бейнероликтерді облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарынан көруге болады.