Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Білім күнінде шымкенттік оқушылардың қауіпсіздігін 500 полицей күзетті

Білім күнінде шымкенттік оқушылардың қауіпсіздігін 500 полицей күзетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мегаполистің тәртіп сақшылары оқу жылын күшейтілген жұмыс режимінде бастады. Бүгін бірнеше мыңдаған оқушы мектеп табалдырығын аттады. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 500 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Әр мектепке бекітілген ювеналды полиция инспекторлары салтанатты іс-шара өткізу кезінде тәртіпті қамтамасыз етіп, жаяу жүргіншілер өткелдерінде кезекшілік етті. Полиция қызметкерлері салтанатты іс-шарада сөз сөйлеп, оқушыларға полиция әрқашан жандарында және кез келген уақытта көмекке келуге дайын екенін еске салды.

Сондай-ақ оқушыларды жол-көлік оқиғалары мен жарақаттануды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

Қалалық полиция департаментінің басшылығымен балаларды патриоттық тәрбиелеу мақсатында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ІІО қызметкерлерінің атындағы “Жас сақшы” полиция сыныптарының оқушыларымен кездесті. Сонымен қатар жол қозғалысының ең кішкентай қатысушылары – бірінші сынып оқушылары үшін мектеп инспекторлары жол журу ережелерін түсіндіру бойынша сабақтар өткізді. Балаларға осы тақырыпқа сай бояғыштар мен түрлі түсті қарындаштар таратылып, көшеде қауіпсіз жүрудің негізгі талаптары мен жол белгілері туралы айтылды. Сондай-ақ құқық қорғаушылар оқу орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін, дабыл батырмалары мен бейнебақылау камераларының жұмысын тексерді.

Айта кетейік, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында мектеп алдындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде оқу жылы ювеналды полиция инспекторларының үш ауысымдық кезекшілігі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру