Ақмола облысының полицейлері ҮЕҰ және медиация өкілдерімен бірлесіп, құқық бұзушыларға дәріс өткізді
Ақмола облысының полицейлері ҮЕҰ және медиация өкілдерімен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушыларға дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қыркүйекте Ақмола облысы ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі қызметкерлері ҮЕҰ және Медиация кеңесі өкілдерінің қатысуымен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушыларға дәріс өткізді.
Тәртіп сақшылары агрессорларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-3-бабында көзделген ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы, іздеуге, қудалауға, жәбірленушіге баруға және басқа да іс-әрекеттер жасауға тыйым салу мүмкіндігі туралы мәлімдеді.
Отырыс барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген кезде, сот жәбірленушімен 30 күнге дейінгі мерзімге тұрғын үй-жайда тұруға тыйым салуға және агрессорға міндетті психологиялық көмектен өтуге тағайындауға, ал тұрмыстық құқық бұзушылық қайта жасалған жағдайда тараптардың татуласу мүмкіндігін болдырмауға құқылы екендігі түсіндірілді.
Зорлық-зомбылықпен әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың мінез-құлқын түзету және алдын алу мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері есепте тұрғандарға әлеуметтік-психологиялық кеңес берді.
Кездесуден кейін шақырылған құқық бұзушылар психологиялық және заңгерлік көмек алу үшін психологтар мен медиаторлардың байланыс телефондарын алды.