Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жол апатының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтті

СҚО-да әр бесінші жол апаты трассада болады. Полицейлер профилактикалық жұмыстарды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігі жүргізген талдауға сәйкес орташа есеппен алғанда әр төртінші жол-көлік оқиғасы түнгі уақытта немесе қас қарайған уақытта болады. Бұл уақытта жолдың анық көрінуі төмендейді, жүргізушілер шаршайды.

Жол апатының алдын алу мақсатында полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысында 13-15 қыркүйек аралығында «Түнгі жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Түн болса да, қала сыртындағы жолдарда көлік қозғалысы азаймайды. Жол үстінде алысқа қатынайтын фуралар, құрылыс алаңдарында, егістік басында баратын ауыр жүк көліктері жүреді. Тәртіп сақшылары олармен профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізіп, жадынамалар таратты. Шаршау деңгейін анықтау үшін медициналық тексеруден өтуді ұсынды.

Сондай-ақ полицейлер мен медицина қызметкерлері ұйқы қысқан жағдайда не істеу керек екенін айтты. Қарапайым дене жаттығуларын жасау, суық сумен жуыну, ыстық шай ішу және т.б. Қажет болған жағдайда полицейлер жүргізушілердің алдына түсіп, оларды демалатын кемпингтерде жеткізіп, кофе мен бауырсақтар үлестірді.

– Айта кету қажет, шамамен біздің облыста адамдар зардап шегетін әр бесінші жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар жолдарда тіркеледі. Жыл басынан бері мұндай 59 дерек тіркелді, 17 адам көз жұмып, 113 адам жарақаттар алды. Бұл ретте профилактикалық жұмыстар өте маңызды және тұрақты түрде жүргізілетін болады, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру