ШҚО бойынша ҚАЖД-да суицид, лудомания және зорлық-зомбылықпен күресу бойынша іс-шара өтті
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-да «Жан жарасы: суицид, лудомания және зорлықтың әр түрлі формаларымен күресу» тақырыбында іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызметкерлердің психологиялық және эмоционалдық жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-да маңызды іс-шара өткізілді. Іс-шараның тақырыбы ретінде суицид, лудомания (құмар ойындарға тәуелділік) және зорлық-зомбылықтың әртүрлі формаларына байланысты мәселелер талқыланып, осы қиындықтармен күресудің тиімді жолдары қарастырылды.
Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар – психиатр-нарколог дәрігер және «Таза жол» оңалту орталығының маманы қатысты. Кездесу барысында мамандар қызметкерлерге кәсіби және жеке өмірде туындайтын психологиялық қиындықтармен күресудің практикалық әдістері мен тәсілдері туралы кеңестер берді. Олар психоэмоционалдық бұзылыстардың ерте белгілерін анықтау, алдын алу және лудомания мен зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен жұмыс істеу әдістерімен бөлісті.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда әрбір қатысушы мамандарға сұрақ қойып, құнды кеңестер алды. Мұндай кездесулер ҚАЖД қызметкерлерінің психологиялық денсаулығын қолдауға арналған кешенді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Бұл өз кезегінде стресстің деңгейін төмендетіп, олардың кәсіби тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.
– Ойынға тәуелділікке бейімділік жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады, сондықтан пенитенциарлық жүйе қызметкерлерінің жеке құрамы арасында толығымен алынып тасталуы тиіс. Алдын алу профилактикасы бұдан әрі де жүйелі негізде жүргізілетін болады, – деп қорытындылады ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасарының уақытша м.а. Дастан Жапалов.