Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицей арулар қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

Алматы облысы ПД қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облыстық полициясының жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды.

Әлемнің 16 елінен 500-ге жуық мықты спортшыны жинаған ауқымды деңгейдегі спорттық жарыс 12-16 қыркүйек аралығында Қырғызстан Республикасының астанасы – Бішкекте өтті.

– Полиция аға лейтенанты Қымбат Ахмет 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс алқасымен марапатталды. Ал Шынар Кенжебаева 64 келі салмақ дәрежесінде құрметті үшінші орынды иеленді,  – деп атап өтті облыстық ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Берік Нұрғалиев.

Полицей арулар қиын жарыста өздерінің табандылығын көрсетіп, қазақстандық спортшылардың лайықты дайындық деңгейін паш етті. Атап өту керек, олар бірнеше рет еліміздің және әлемнің ірі чемпионаттарына қатысқан жекпе-жектің бірнеше түрі бойынша Қазақстан чемпиондары және халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру