Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мұз айдынындағы табысты ойыны үшін полицейлер марапатталды

СҚО-да мұз айдынындағы табысты ойыны үшін полицейлер марапатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр мерекелері қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов ҚР ІІМ Кубогына арналған шайбалы хоккей турниріне қатысқан қызметкерлерді марапаттады.

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары "Достар" командасының құрамында беделді турнирде тұрақты жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Олар үшінші рет күміс жүлдеге ие болып, тек алаң иелеріне жол берді.

Әріптестерінің айтуынша, "Достар" командасының ең нәтижелі ойыншысы — Петропавл қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнының қызметкері Роман Брехт. Ол биылғы турнирде 8 шайба соққан. Ал команданың қақпашысы — СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин финалдық ойында қарсыластардың 41 соққысын қайтарған.

"Достар" командасының құрамында жедел әрекет ету арнайы жасағының жауынгерлері, учаскелік инспекторлар, патрульдік полицейлер және басқа да бөлімше қызметкерлері бар. Олар күнделікті қызметте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, спорт арқылы дене дайындығын арттырып, командалық бірлікті нығайтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру