Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 150-ге жуық оқушы мен ата-аналардың қатысуымен қауіпсіздік сабағы өтті

Абай облысында 150-ге жуық оқушы мен ата-аналардың қатысуымен қауіпсіздік сабағы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы Ақсуат ауданы полиция бөлімінің бастығы Әділет Бауыржанов пен қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Дархан Сейтолда Көкжыра ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте 150-ге жуық ата-ана мен оқушы қатысқан маңызды кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында қатысушыларға қазіргі заманғы қауіп-қатерлер және олардың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді. Ерекше назар буллинг мәселесіне, мотоцикл мен мопедтерді қауіпсіз пайдалану ережелеріне, лудоманияға, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алуға аударылды. Сонымен қатар жасөспірімдердің түнгі уақытта бейсауат жүруінің алдын алу шаралары нақты мысалдармен баяндалды.

Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдары өкілдерінен толық әрі нақты жауаптар алды. Мамандар балаларды интернеттегі қауіптерден қорғау, қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтау және қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді.

Кездесу барысында полицейлер кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбиесі тек мектептің ғана емес, отбасының да ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Сондай-ақ заңнамадағы жаңашылдықтар, әкімшілік жауапкершілік түрлері және құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау тетіктері нақты мысалдармен түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру