Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлерінің автокөліктері мен құжаттары тексерілді

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің автокөлік құралдары мен құжаттарын тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шараны мекеме бастығы Қайырбек Ильясовтың тапсырмасымен кадр саясаты тобының аға испекторы Динара Шахи ұйымдастырып, тексеруді ҚПБ ЖПҚБ ППБ қызметінің  аға инспекторлары жүргізді. Тексеру барысында планшет арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар  базасына кіріп, онлайн тексеру жасады. Яғни жүргізу куәлігінің жарамдылығы, техникалық байқаудың мерзімі, салық төлемдерінің бар болуы мен сақтандыру полистері тексерілді. Сондай-ақ көліктің жай-күйі, көліктердегі болуға тиісті өрт сөндіргіш, алғашқы жәрдем көрсететін медициналық қобдишалар да қаралды.

– Жеке құрамның қызметтік көлігі  талапқа сай болуы шарт. Бұл ҚАЖ  қызметкерінің имиджіне де да әсер етеді. Жеке құрам мүшесі ретінде автокөлік жүргізу барысында жол ережелерін бұзбай, текникалық тексерістің талапқа сай болуына аса мән беріп отырамын, – дейді тәрбие және кадр саясаты тобының аға инспекторы Динара Шахи.

Тексеру қортындысы нәтижесінде  жеке құрам көліктерінің техникалық жай-күйі қалыпты жағдайда және жүргізу бойынша мерзімі өткен құжаттар анықталған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру