Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-дағы трассалардың бірінде патрульдік полицияның мобильді бекеті жұмысын бастады

ШҚО-дағы трассалардың бірінде патрульдік полицияның мобильді бекеті жұмысын бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Серебрянск қаласы тұрғындарының бастамасымен, ҚР Ішкі істер министрлігінің келісімімен және облыс әкімдігінің қолдауымен Өскемен – Алтай – Рахманов қайнарлары жолының қауіпті учаскесінде қауіпсіздікті арттыру және апаттылықты азайту мақсатында патрульдік полицияның мобильді бекеті жұмысын бастады.

Осинов асуының соңында орналасқан жаңа бекет барлық қажетті заттармен жабдықталған Бөлмеде компьютер, стационарлық телефон орнатылған, сонымен қатар ғимараттың ішінде және сыртында тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Оған ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Бірінші жұмыс күні пунктке Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев келіп, полицейлердің дайындығын тексерді. Өңір басшысы осы трассадағы автокөлік оқиғаларының санын ескере отырып, бекеттің қажеттілігін атап өтті.

Статистикаға сәйкес, жазғы кезеңде аталған трассада тәулігіне 20 мыңға дейін көлік жүреді, бұл жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қосымша қауіп тудырады. Тәртіп сақшылары 8 ай ішінде осы автожолда 20 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін, онда 6 адам қаза тауып, 40-тан астам азамат зардап шеккенін хабарлайды. Осыған байланысты полицияның кез-келген оқиғаға жедел әрекет етуі және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі өте маңызды.

– Мұндай заманауи алаңдар көмек көрсетудің кез-келген мәселелері бойынша халықпен өзара іс – қимылдың қолжетімділігін, жеделдігін, ұтқырлығын қамтамасыз ете отырып, полицияның сервистік моделі қағидаты бойынша жұмыс істеу үшін іргетас болып табылатынына сенімдімін, – деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары ескі полиция бекетінің ғимаратында жылыту пунктін ашуды қарастыруда. Бұл ауа-райының қолайсыздығына байланысты қиындықтарға тап болуы мүмкін жүргізушілер мен олардың жолаушыларының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғалары санының төмендеуін, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен автокөлік жүргізушілері тарапынан құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейінің артуын күтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру