Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері жаяу жүргіншілер жасаған төрт мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті

Павлодар полицейлері жаяу жүргіншілер жасаған төрт мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаяу жүргіншілер жол жүру ережелерін жиі бұзады. Автожолды рұқсат етілмеген жерден өтіп, жолдарда жүргізушілерге көлікті тоқтату әлдеқайда қиын екенін ескермей, төтенше жағдай туғызады.

– Әрине, әркім жолды қайдан және қалай қауіпсіз өту керектігін біледі, бірақ көбінесе “мүмкін өтіп кетермін” деп үміттеніп, жол апатына ұшырап жатады,- деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бастап полицейлер жаяу жүргіншілер жол берген төрт мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 221 жол-көлік оқиғасы орын алып, автокөлік дөңгелектерінің астында 17 адам қаза тауып, 241 адам зардап шекті. Статистиканың бұл қорқынышты сандарының артында туыстарының қайғысы мен азабы жатыр. Тәртіп сақшылары трагедиялар ең көп таралған және қарапайым себептерге байланысты болады дейді.

Әдетте жаяу жүргіншілер жол жүру ережелерінде оларға қойылатын белгілі бір талаптар бар деп ойламайды.

– Осындай бұзушылықтардың бірі М. Жүсіп көшесінде орын алды, онда ер адам жаяу жүргіншілер өткеліне өтуден ерініп, жолды белгісіз жерде кесіп өтті. Тәртіп бұзушыға айыппұл салынып, жауапқа тартылды, – деп атап өтті полиция.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде жаяу жүргіншілер қозғалысқа басым құқықты пайдаланады. Алайда жаяу жүргіншілерге өткелдің олар үшін қауіпсіз болуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Ол үшін олар жолға шыққанға дейін жақындап келе жатқан көліктің қашықтығы мен жылдамдығын ескеруге және егер өткел қауіпсіз болмаса, жолға шықпауға міндетті.

Реттелмеген жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде көлік жүргізуші жолды кесіп өтетін немесе жаяу жүргінші жолына шыққан жаяу жүргіншілерге жол беруге міндетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру