Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация қызметкерлері есептегі әйелдермен профилактикалық жұмыс жүргізді

Қызылордада пробация есебіндегі әйел адамдарға жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ден астам адам тұрады.

Олардың арасында әйел азаматтар мен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер бар. Қоғамда жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқыбұзушылықтардың алдын алуда пробация инспекторлары кәмелет жасқа толмаған балалары бар есептегі азаматшалармен үздіксіз профилактикалық жұмыстар жасайды.

Оларға жасөспірімдер тарапынан жиі жасалатын құқық бұзушылықтар туралы, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда жасөспірімдердің ата-аналары да қандай жауапкершіліктерге тартылуы мүмкін екендігін түсіндіреді.

Қалалық пробация қызметінің бастығы Ф. Сембаева, психолог Г. Жилкаманова және Қызылорда қаласы білім бөлімінің қорғаншылық органының бас маманы Н. Есдәулетов, Қызылорда ҚПБ ЮПБ УПИ қызметкері Б.Секербек есептегі азаматшалардың тұрғылықты мекенжайларына бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізіп, олармен сұхбаттасты.

– Есептегі азаматшалардың назарына қоғамда қазіргі кезде белең алып отырған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың салдары туралы ақпаратты жеткіздік. Бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі жоғары. Бала да шыбық сияқты, баланы да баптап, жақсы тәрбие беріп, түзу жол көрсетіп өсіру ата-ананың міндеті. Сондықтан балалары бар есептегі азаматшалармен тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргіздік. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғасын табады, – дейді пробация қызметінің психологы  Гүлзинат Жилкаманова.

Жауап қалдыру