Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша семинар өтті

СҚО бойынша ҚАЖД-да 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы Светлана Зайцеваның шақырумен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдағы шаралары” тақырыбында семинар өтті. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелері талқыланды.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, озық халықаралық стандарттарды енгізу, негізсіз байыту үшін жауапкершілік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру тақырыптары қозғалды. Светлана Зайцева қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың ең көп таралған түрі – тұрмыстық сыбайлас жемқорлық, оның ерекшелігі тұрмыстық қатынастар саласында жасалатындығын атап өтті.

Сондай-ақ спикер презентация және бейнематериалдар арқылы новеллаларды қолданысқа енгізу мерзімдерін нақты көрсетті.

Халықтың кең топтарын құқықтық насихаттауды күшейту арқылы, халықтың құқықтық санасы мен құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру қажет, себебі пара беретін адамдардың көпшілігі аталған құқық бұзушылық үшін өздерінің құқықтары мен жауапкершіліктері туралы жеткіліксіз біледі, – деді Светлана Зайцева.

Департамент басшылығы мен семинар қатысушылары шақырылған қонаққа ұсынылған ақпарат және қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар үшін алғыстарын білдірді. Өз кезегінде спикер қатысушыларға сындарлы және жемісті өзара жұмысы үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру