Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ҚР ҚК-нің жаңа бабы бойынша қанша қылмыстық іс тіркелгенін айтты

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске бағытталған жаңа баптары қылмыс статистикасына қалай әсер еткенін айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлерінің айтуынша, ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтірудің қылмыстық іс санатына өтудің тұрмыстық қылмыстың тіркелуінің 75%-ға өсуіне әкеп соққан.

Жыл басынан бері облыста отбасылық тұрмыс саласында 42 қылмыс тіркелген, ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25 қылмысты құрап отыр. Олардың 8-і Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және 10-ы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» яғни денсаулыққа зиян келтірмейтін дене ауырсынуы бойынша тіркелген.

Осыған ұқсас әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің саны 64-тен 139-ға дейін өсті, оның ішінде 68 факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа баптарына сәйкес келеді.

Полиция қызметкерлері халыққа бұрын «ұсақ» болып көрінетін әрекеттер үшін енді жанжалқойлар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, айыппұл мен қамауға алынатынын жеткізу үшін үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

– Заң – бәрімізге ортақ. Кез келген құқық бұзушылыққа төзімділік, әсіресе әйелдер мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу сияқты салаларда мүлде болмауы тиіс. Сондай-ақ қызметкерлер зорлық-зомбылық фактілері тіркелген отбасылармен үнемі жұмыс істейді. Жағдай ушыққан кезде қиын жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін уақытша болу және тұру орталығына орналастыру бойынша шаралар қабылданады. Жыл басынан бері мұнда 27 әйел мен 21 бала үй жанжалқойларынан қорғану үшін пана тапқан, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы поиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру