Алматы облысында сотталғандарға мұражайға экскурсия ұйымдастырылды
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №49 мекемесінде сотталғандардың мәдени-білім деңгейін арттыру және рухани дамыту мақсатында «Анаға құрмет» мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұражай меңгерушісі Гүлнәр Әбіш қордағы ғасырлық тарихы бар әшекей-бұйымдарды, бас киімдерді таныстырып, тарихы жайлы түсінік берді.
– Іс-шара мекеме қызметкерлері мен сотталғандардың мәдени мұраға деген құндылық ретінде көзқарасын қалыптастыру, белсенді танымдық қызметке тарту, өз қабілетін дамыту, тұлғаның гуманистік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. Бақытжан Шәріпбеков.
Бұл шара 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында өткізілді.