Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысындағы колонияда тыйым салынған құрылғыны өткізу әрекетінің жолы кесілді

Алматы облысындағы колонияда тыйым салынған құрылғыны өткізу әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты орташа қауіпсіздік деңгейіндегі №14 мекемеде сотталған азаматқа тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді.

Оқиға 17 маусым күні өткізілген "Тосқауыл" республикалық режимдік-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Сотталған адамның атына келген сәлемдемені тексеру кезінде мекеме қызметкерлері радиоқабылдағыш салынған көк түсті қорапқа күмән келтірген.

Құрылғыны мұқият тексеру барысында оның корпусының ішінен Hoco жасырын портативті Wi-Fi роутері табылып, тәркіленді.

Аталған тыйым салынған құрылғы белгіленген тәртіпке сәйкес алынып, тиісті құжаттар рәсімделді.

Оқиға бойынша жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органдарға жолданды.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, мекемелерде тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Сондай-ақ мұндай заңсыз әрекеттердің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қатаң түрде тоқтатылып, тиісті құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру