Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада алаяқ аула сыпырушының атына заңсыз несие рәсімдеген

Астанада алаяқ аула сыпырушының атына заңсыз несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, күдікті көшеде оған жақындап, интернеттегі алаяқтықтың жиі кездесетін жағдайлары туралы әңгімелесіп, сеніміне кіре бастаған. Әңгіме барысында ол «көмегін» ұсынып, несие тарихын жақсарта аламын деп телефонын сұраған. Құрылғыға қол жеткізген соң, алаяқ ер адамның атына несие рәсімдеп, содан кейін телефонды қайтарып беріп, өзі кетіп қалған.

Қала тұрғыны өзінің алаяқтың құрбаны болғанын несиені төлеу қажеттілігі туралы хабарлама алған кезде ғана білген. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Нұра ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтады. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін ол осыған ұқсас алаяқтық фактілері бойынша жауапкершілікке тартылғаны анықталды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру