Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер ардагерлерді мерекемен құттықтады

Атырауда полицейлер ардагерлерді қарттар күні мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдыңғы буын аға-апаларымыз – ерен еңбек үлгісін көрсетіп кеткен ардагерлеріміз. Олар өскелең ұрпаққа қайырымдылық пен даналық көрінісі іспетті.

Халықаралық қарттар күні қарсаңында Атырау облысының полиция департаменті, Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесінің Атырау облыстық филиалы атынан Халықаралық қарттар күнімен ішкі істер органдарының бірқатар ардагерлерін құттықтады.

– Бүгін біз қарттарымызға құрмет көрсетіп, құттықтаумен бірге, ардагерлерімізге жан-жақты қолдау мен ыстық ықыласқа толы алғыс лебізімізді білдіреміз. Яғни олар өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінуі қажет. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр лайым жалғасын таба берсін. Қымбатты аға ұрпақ ардагерлеріміз, сіздердің толайым еңбектеріңіздің, бай тәжірибелеріңіздің, дарқан даналықтарыңыздың алдында басымызды иеміз. Сіздерге, отбасыларыңыз бен жақын туыстарыңызға зор денсаулық, берекелі ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді ІІО және ҰҰ ардагері ҚК Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғафур Шапатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру