Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер балалардың терезеден құлау қаупінің алдын алуға шақырады

Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлап кету қаупі арта түседі. Осыған байланысты полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, ата-аналарға балалар қауіпсіздігіне қатысты маңызды ережелерді түсіндіруде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Атырау облысында балалардың терезеден құлауына байланысты 17 жағдай тіркелген. Мұндай қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы, терезелерде арнайы қорғаныс құрылғыларының болмауы, тере

Полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарапайым, бірақ маңызды талаптарды сақтауды ескертеді:

  • бала үйде болған кезде терезелерді ашық қалдырмау;
  • москит торлары баланы құлаудан қорғамайтынын есте сақтау;
  • терезелерге арнайы блок-құлыптар немесе қорғаныс құрылғыларын орнату;
  • төсек, үстел, орындық секілді жиһаздарды терезеден алшақ орналастыру;
  • балаларды терезе маңында қараусыз қалдырмау.

Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырады. Баланың өмірі мен денсаулығы – ересектердің мұқияттылығы мен алдын ала қабылдаған шараларына тікелей байланысты. Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас жағдайға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру