Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпсіз жол" ЖПІШ: Атырауда полиция мас күйінде квадроцикл басқарған жүргізушіні тоқтатты

11-16 шілде аралығында Атырау облысының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара аясында 16 шілде күні сағат 03:25 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған квадроциклді тоқтатты. Тексеру барысында 20 жастағы жүргізуші медициналық сараптамаға жеткізіліп, қорытындыға сәйкес оның жеңіл дәрежеде масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды мас күйінде көлік басқармауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өз қауіпсіздігі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру