Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ойын приставкасын жалға берген астаналық азамат алаяққа алданды

Ойын приставкасын жалға берген астаналық азамат алаяққа алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлап елорда тұрғыны жүгінген.

Тергеу барысында, жәбірленуші әлеуметтік желіде Sony PlayStation ойын приставкасын жалға беру туралы хабарлама орналастырғаны белгілі болды. Оған ойын консолін жалға аламын деп хабарласқан ер адам, төлем жасап, приставканы алып кеткен. Алайда жалға алу мерзімі өткен соң жалға алушы телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған.

Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ер адам приставканы ломбардқа тапсырғанын мойындады. Келтірілген материалдық шығын 440 мың теңгені құрады.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдеме тәркіленді. Қазіргі уақытта ер адамның ұқсас алаяқтықтың 2 фактісіне қатысы бары анықталды.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру