ШҚО-да есірткіге қарсы акцияға 500-ден астам адам қатысты
Алтай ауданының полицейлері «Заря Востока» қоғамдық-саяси газетімен бірлесіп, «Есірткіге жоқ деп айт!» атты жеңіл атлетикадан жарыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Акцияға әртүрлі жастағы және әр саладағы 500-ден астам адам қатысты. Яғни бұл шараны мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, түрлі ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ мүдделі аудан азаматтары да қолдады.
Жүйрiк сайыскерлер ортақ мақсатқа жетер жолдағы белсендiлiгi мен күш-қуатын, бiрлiгiн паш еттi.
Жарыс соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары акцияға қатысушыларға сыйлықтар және есірткіге қарсы ұрандар жазылған футболкалар мен бейсболкаларды табыстады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың есірткінің зияны туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруға ықпал ету.