Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда тәртіп сақшысының отбасында үшем дүниеге келді

Атырауда тәртіп сақшысының отбасында үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұрабек Құмаров — Ішкі істер органдарындағы қызметін 2023 жылы бастаған жас маман. Бүгінде ол Атырау облысы Құрманғазы аудандық полиция бөлімі тылдық қамтамасыз ету тобында қызмет етеді. Мұрабек өзінің кәсіби міндетін адал орындап, ел тыныштығын қорғауда белсенділік танытып жүргені сөзсіз.

Жас қызметкердің өміріндегі ең үлкен бақыт — бұл отбасы. 2016 жылы Мұрабек Арай Ерғалиевамен отау құрды. Олардың отбасында жақында ғана Нұриман, Нұрислам, Нұрмұхаммед есімді батырлар дүниеге келді. Сонымен жас отбасы 5 перзенттің ата-анасы атанды.

Жас отбасы балаларына тек білім беріп қана қоймай, оларға дұрыс тәрбие берудің де маңыздылығын түсінеді.

– Қазақта «Әр баланың өз несібесі бар» деген бар. Сондықтан, екеуміз де сәбилердің шуақты күлкісіне толы көпбалалы отбасы болсақ деп армандадық, арманымыз орындалды. Отбасымның қолдауы, жұмыстан шаршап келгенде балаларымның алдымнан жүгіріп шыққаннан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Кез келген ата-ана балаларының болашағы жарқын болса, сүрінбесе, құламаса деп ойлайды. Ал оларды адал әрі саналы азаматтар етіп тәрбиелеу – біздің борышымыз, – деді көпбалалы әке Мұрабек Құмаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру