Абай облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында еңбек ұжымдарында түсіндірме әңгімелер жүргізілді
Абай облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында еңбек ұжымдарында түсіндірме әңгімелер жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысы аясында қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері еңбек ұжымдары арасында интернет-алаяқтықтан сақтану шаралары мен қорғаныс тәсілдерін түсіндіру бойынша кең ауқымды науқан өткізді. Есептік кезеңде өңірдегі зауыттар, ұйымдар және кәсіпорындар өкілдерімен 357 кездесу өткізілді.
Іс-шаралар барысында қаржылық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Полиция қызметкерлері қаскөйлер қолданатын негізгі тәсілдерді түсіндіріп, жеке деректерді қорғау және алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша практикалық кеңестер берді.
Жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 513 оқиғасы тіркелді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасауға қатысы бар 28 тұлға анықталып, ұсталды. Полиция қызметкерлері жедел түрде 119 шотты бұғаттап, қаржыны ұрлаудың алдын алды.
Құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының арқасында зардап шеккендерге 5,6 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды.
Алаяқтардың торына түсіп қалу қаупін азайту және алаяқтықтың жаңа түрлері туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында еңбек ұжымдары арасындағы профилактикалық жұмыс жалғаса береді.