Қостанайда қарасора өсіруге арналған есірткі зертханасы жойылды
Қостанайда қарасора өсіруге арналған есірткі зертханасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайда 44 жастағы жергілікті тұрғын қарасора өсіру үшін өз үйін жабдықтаған.
Жеке сектордың ауласын тінту кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері биіктігі 3 метрге дейін жететін 36 қарасора бұтасын тапты.
Моншада тағы 42 кептірілген марихуана бұтасы мен барлық қажетті жабдықтар табылды. Жарық және диодты шамдар, кептіргіштер, электронды таразылар және тіпті тыңайтқыштары бар канистрлер тәркіленді.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз еккені үшін қостанайлық 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.