Алматыдағы тергеу изоляторында жемқорлыққа қарсы күрес бағытында кездесу өткізілді
Алматы қаласындағы тергеу изоляторының жеке құрамы жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов шақырылып, ол қызметкерлерді еліміздің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатымен таныстырды.
Жеке құрамды жемқорлық үшін жаза тағайындалған мемлекеттік қызметкерлердің әрекетімен де таныстырған Ж.Ғалымов жемқорлыққа қарсы жүйенің даму барысы жайлы да кеңінен әңгімеледі.
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамалары мен Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы қажеттігін басты назарға алды.