Түркістанда полиция сегіз тұрғынды алдаған күдіктіні қамауға алды
Түркістан қаласының полицейлері алаяқтық қылмысына қатысы бар жергілікті тұрғынды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті ер адам танысының сеніміне кіріп, мүгедектікке шығарып беремін деп алдын ала ақша алған. Осылайша 8 адамды құрығына түсіріп, 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Полицейлер күдікті ер адамның жәбірленушілерден алған ақшаны жеке басына жұмсап жібергенін анықтады.
Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр