Павлодар облысында қызметкерлер мен есепте тұрған сотталғандар арасында футболдан жарыс өтті
Павлодар облысында қызметкерлер мен есепте тұрған сотталғандар арасында футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылғандарға және пробация кызметінің
есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-кұқықтық
көмек көрсету” жобасы аясында шағын футболдан жарыс өтті. Онда Павлодар қаласы ПБ қызметкерлері, пробация қызметкерлері, сонымен катар пробацияның бақылауында есепте тұрған сотталғандар қатысты. Байқауды ұйымдастырушылар – “Антарес-А” қоғамдық қоры.
Жарыстың жеңімпазы болып Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция кызметі бөлімшесінің
командасы танылды. Тартысты күресте пробация қызметкерлері екінші орынды жеңіп алса, үшінші орынға пробация кызметінің есебінде бақылауда тұрған сотталғандар ие болды.
Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, мақтау
қағаздары және естелік сыйлықтармен
марапатталды.