Ұлттық ұлан әскери бөлімінде есірткінің зияны туралы профилактикалық дәріс өткізілді
Жетісу облысында ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімінде есірткінің зияны туралы профилактикалық дәріс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қызмет ететін әскери бөлімдердің бірінде нашақорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған профилактикалық дәріс өткізілді. Аталған іс-шараның бастамашысы ҚР ІІМ ОӨ ӘТБ болды. Дәрісті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нарколог-дәрігермен бірлесіп өткізді.
Дәріс әскери қызметшілерді есірткіні қолданудың зиянды әсерлері, олардың денсаулыққа, қызметке және жалпы қоғамға әсері туралы хабардар етуге бағытталған. Іс-шара барысында нашақорлықтың физикалық, психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ есірткі айналымы саласындағы қылмыстарға байланысты құқықтық аспектілері толық талқыланды.
Кездесу барысында есірткіге тәуелділіктің алдын алу және ерте анықтау әдістеріне ерекше назар аударылды. Кездесу аясында әскери прокурор мен ҚР ІІМ ОӨ ӘТБ тергеушісі осы саладағы заңның бұзылуынан туындауы мүмкін құқықтық салдарды атап өтті.
Дәріске 154 әскери қызметші қатысты, бұл тақырыптың маңыздылығы мен ауқымдылығын көрсетеді. Мұндай іс-шараларды өткізу жеке құрамның хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде әскери ортада нашақорлықтың таралуын болдырмауға көмектеседі.