Алматыда ұрлық саны азайып келеді
Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, соңғы 5 жылда жүргізілген профилактикалық және жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұрлық қылмысы қарқынды түрде азайып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда жыл басынан бері бөтеннің мүлкін ұрлау 31,6%-ға азайды. Атап айтқанда, телефон ұрлығы – 33,2 %, қалта ұрлығы – 11,4%, пәтер ұрлығы – 24,7 %, көлік салонынан жасалған ұрлық – 34,7% төмендеді.
– Қабылданған шаралардың нәтижесінде Алматы полициясы қоғамдық орындарда шабуыл жасау, тонау, бөтен адамның көліктерін ұрлау, пәтерлерден тонау, автокөліктерді және жеке мүлікті ұрлаумен айналысқан 229 қылмыстық топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Сондай-ақ 412 ұрлық жасағаны дәлелденген 264 ұры ұсталды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.