Жүректі елжіреткен бейнеролик: Абай облысында өткен тренингте сотталған көзіне жас алды
Абай облысында өткен тренингте сотталған көзіне жас алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында қауіпсіздігі аралас №19 мекемеде, психологиялық тренингте көрсетілген, әлеуметтік бейнеролик, туған балаларын 3 жыл көрмеген әкені жылатты.
Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемеде өткен психологтың “Жақсы әке – балаға ризық” тренингі сотталғанның эмоциясын шығарды. Ол адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Сотталған 3 жылдан аса уақыт туған балаларын көрмеген. Бейнероликтегі балаларынан жырақта жүрген әке еңіреп жылап, көз жасын тия алмаған.
Сотталғандармен 14 жыл жұмыс істеп келе жатқан, психолог Арай Кәдірбекованың айтуынша, осылайша эмоцияларын шынайы білдірген сотталғанды алғаш кездестіруі. Сабақтан соң дереу, сотталған азаматқа, психологиялық демеу көрсетіліп, қолдау бағытындағы жұмыстар жүргізілді.
– Сотталған Ш. өзінің балаларына түрмені көрсеткісі келмей, жұбайына балаларды әкелуге рұқсат бермеген. Ол болашаққа нақты жоспары бар, балалары алдында өз борышын орындауға асығып жүрген жан. Жағымды мінезделетін сотталған, жазаны мейлінше жеңілдету бойынша босап шығуға ниет білдірді, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.