Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-ға жас техниктер экскурсия жасады

ШҚО ПД-ға жас техниктер экскурсия жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас техниктер станциясының оқушылары Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне экскурсия жасап, ішкі істер органдарының тарихы туралы біліп қайтты.

Балалардың назарына полиция жұмысында қолданылатын жаңа технологиялар мен арнайы техникалар ұсынылды. Балалар КАМАЗ автокөлігі негізіндегі ұялы байланыс кешенін, арнайы пилотсыз ұшатын аппаратты, “Кибер Шериф” мобильді кешенін, “Циклоп” кешенін, патрульдік мотоциклдер мен Segway гироскутерларын асқан қызығушылықпен тамашалады. Полицейлер бұл құрылғылардың әрқайсысының аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтып берді.

– Қазіргі кезде кез келген басқа инновацияларға қарағанда цифрлық технологияларды енгізу тезірек жүріп жатқаны белгілі. Бұл кездесу сіздерді жаңа жаңалықтар ашуға шабыттандырады деп үміттенеміз, өйткені сіздердің бойларыңызда болашақ технологияларды дамыту үшін орасан зор әлеует бар, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Қарсақбаев Эльдар.

Сондай-ақ оқушылар қызметтік көліктермен танысып, тіпті полиция көлігінің рөліне де отырып көрді. Өздерін тәртіп сақшыларының рөлінде байқап көрген олар, бұл мамандық иелерінің жұмысы қаншалықты жауапты және қиын екенін түсінді.

Әңгімелесуден кейін балалар полиция департаментінің тарих мұражайында болып, Қазақстан полициясының қалыптасу тарихы туралы көбірек біліп, сонымен қатар, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан нағыз батырлар туралы танып білді. Экскурсия полиция департаментінің жүрегі аталып кеткен – жедел басқару орталығында жалғасты.

Айтқандай, балалар да құр алақан келмей, шығармашылық жетістіктерін паш етті. Станцияның жас техниктері жасаған ұшақтың дизайны мен техникалық мүмкіндіктерімен баршаны таң қалдырған әсерлі көрсетілімі кездесудің ең жақсы бір сәті болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру