Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ұрланған автокөлікті СҚО-дан тапты

Ақмола полицейлері ұрланған автокөлікті СҚО-дан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бурабай ауданының полиция бөліміне Щучинск қаласының тұрғыны келіп, осы жылы 2 қазанына қараған түні өзіне тиесілі Suzuki автокөліктің ұрланғаны туралы хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері автокөлікті Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарының бірінен тапты. Ұрлықты ТҚС қызметкері жасағаны белгілі болды.

Күдіктінің айғақтарына сәйкес, ұрлау түнінде ол ТҚС-та жұмыста болған және анасына барғысы келген. Ол үшін сол ТҚС-та жөндеуде тұрған Suzuki автокөлігіне отырып, жолға шыққан.

Полиция бөлімі осы фактіге қатысты 200-бабының 1-бөлігі (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру