Жетісуда паралимпиадашылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған армрестлинг залы ашылды
Жетісу өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен паралимпиадашылар үшін қол күресіне арналған арнайы залдың ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл бастаманың негізін қалаған «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы мен Жетісу облыстық полиция департаменті спортшыларға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін көрсетті. Жаңа спорт залы – тек дене жаттығуларының емес, сонымен қатар қайсарлық, табандылық және жеңіске деген ұмтылыстың символы.
Полиция департаментінің басшылығы паралимпиадашылардың табандылығы мен күш-жігерін ерекше атап өтіп, оларға алғыс білдірді.
– Барлық қиындықтарға қарамастан, олар жарқын жеңістерімен көзге түсіп, баршамызға үлгі болып келеді, – деп атап өтті басшылық.
Бұл салтанатты шарада үздік спортшылар да марапатталды:
Сосазова София Якубеевна – Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР спорт шеберіне кандидат.
Бурлыбекова Назым Қасымханқызы – Азия чемпионы, ҚР спорт шебері.
Мұсабекова Салтанат Серікқазықызы – әлем чемпионы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Серікбаев Данияр Сұлтамұратұлы – Қазақстан чемпионы, ҚР спорт шеберіне кандидат.
Богданова Галина Николаевна – Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, Қырғызстанның спорт шебері.
Семенов Евгений Владимирович – Азия чемпионы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Олардың осындай биік жетістіктерге жетуіне зор үлес қосқан жаттықтырушылар да құрметке бөленді:
Ғазизов Дастан Асқарұлы – жоғары санатты жаттықтырушы.
Роман Тұрсынжанұлы Илишов – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Полиция департаменті паралимпиадашыларды қолдаумен қатар, өз қызметкерлері мен азаматтық тұлғаларға арналған күрес, бокс, гимнастика және футбол залдарында оқу-жаттығу жиындарын өткізуді ұйымдастырды. Бұл қадам қоғам арасында дене шынықтыруды насихаттаудың маңыздылығын көрсетіп, инклюзивті спорт қоғамдастығын құруға ұмтылыстың дәлелі болды.
Жетісуда мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау спорт мәдениетіне оң ықпалын тигізіп, олардың жеңістерін тамашалап жүрген барша жұртқа үлгі-өнеге болуда.