Жетісу облысында студенттер қызметтегі иттердің қылмысты қалай ашатанын көрді
Жетісу облысында студенттер қызметтегі иттердің қылмысты қалай ашатанын көрді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуді ЕҚҚКБ қызметкерлері Кинологиялық қызмет орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара барысында кинологтар қызметтік иттердің иіс бойынша есірткі мен жарылғыш заттардың іздерін қалай табатынын көрсетті. Өзінің кәсіби шеберлігін көрсеткен төрт аяқты көмекші студенттердің жүрегін жаулап алып, өз жұмысы мен адалдығына таң қалдырды. Сонымен қатар студенттерге есірткінің денсаулық пен қоғамға тигізетін зияны туралы айтылды. Басқарма қызметкерлері есірткі заттарының адамның өмірін қалай бұзып, әртүрлі жағымсыз салдарға әкелетінін толық түсіндірді.
Іс-шара есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау қажеттігін атап өтіп, маңызды білім беру мәніне ие болды. Бұл іс-шаралар есірткінің зияны туралы кеңінен білуге себеп болып қана қоймай, құқық қорғау органдарына және олардың қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмысына деген сенімді нығайтуға көмектеседі.