Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция өзгенің телефонын қолды қылған күдіктіні ұстады

Астанада полиция өзгенің телефонын қолды қылған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, ер адам кешке монша-сауықтыру кешеніне барған кезде, үстелде жатқан iPhone 14 телефонын байқаған. Қолайлы сәтті күтіп, басқа келушілердің барлығы бу бөлмесіне кеткен сәтте ол гаджетті алып, монша кешенінен кетіп қалған, осылайша 400 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері 43 жастағы ер адамды анықтады, ол ұрланған телефонды сатып алушыларға сатқанын, түскен ақшаны керегіне жұмсағанын мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру