Ақтөбеде сотталғандар арасында турнир ұйымдастырылды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №8, 9, 70 мекемелерінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында шахмат ойынынан онлайн жарыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №9 мекемесі және Қазақстан Шахмат Федерациясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының бірлесе ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау бойынша Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті №9 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесі, №8 (қауіпсіздігі орташа) мекемесі, №70 (қауіпсіздігі аралас) мекемеде жазасын өтеуші сотталғандар арасында шахмат ойынынан онлайн турнирлік жарыс ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның ережесіне сәйкес бірінші кезеңде әр мекеме ішінде жазасын өтеушілер арасында шахмат ойынынан жарыс өткізілді және екінші кезеңде мекемелер арасында ең үздіктер анықталады.
Қазақстан Шахмат Федерациясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының шахматтан жаттықтырушысы Қуанышқали Ернияшов осы турнирде төрелік етеді.
– Аталған іс-шара қазан айының аяғына дейін жалғасады, – деді тәрбие бөлім бастығы Армен Панабек.