Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада тұрғынды телефонсыз қалдырған күдікті анықталды

Елордада тұрғынды телефонсыз қалдырған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғынның Iphone 13 телефонын алаяқтықпен иемденген 30 жастағы күдіктіні анықтады.

Белгілі болғандай, 21 жастағы жәбірленуші қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде демалып жүрген. Ол клубтан масаң күйде шыққан сәтте көшеде бейтаныс адам оған жақындап, қоңырау шалу сылтауымен телефонды алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті телефонды сатып жіберіп, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, нәтижесінде 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Ер адам өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция азаматтарға бөтеннің мүлкін ұрлау немесе қылмыстық жолмен өзгенің мүлкін иемдену қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру