Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

7 азаматты алдаған ақтаулық азамат жазасын өтеп жатыр

Ақтау қаласының 34 жастағы тұрғыны өзін күзет қызметінің бастығы ретінде таныстырып, жұмысқа орналастырамын деп 7 азаматты сан соқтырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы ақтаулық азамат күзетші лауазымына жұмысқа орналастырамын деп, айласын асырып, жұмысқа қолы жетпей жүрген 7 азаматтан ақша алған. Қаражатты өз пайдасына жаратқан. Күдіктінің әрекетін өзі алдап соққан екі зардап шегуші бір-бірін танитын болып шыққаны әшкерелеген. Осылайша ол жұмыс іздеушілерге барлығы 4 млн 200 мың теңге материалдық шығын келтірген.

Қазіргі уақытта күдікті Абай облысы қауіпсіздігі аралас мекемесінде ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша жасаған қылмысы үшін 4 жылдық жазасын өтеп жатыр.

– Аталған сотталған қазіргі уақытта сотпен тағайындалған талап-арыздарын өтеу мақсатында, жұмыспен қамтамасыз етуге ұсыныс жасап отыр. Өз кінәсін мойындап, өкінеді, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру