Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Елордада Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ардагерлер мен қызметкерлерді  ұлттық мерекемен құттықтай отырып, бұл күннің еліміз үшін ерекше мәні бар екенін атап өтті.

– Біз бұл мерекені үлкен қуанышпен қарсы аламыз. Ол – көпұлтты халқымыздың бірлігі мен достығының, ортақ тарихи тағдырымызды сезінуіміздің, сондай-ақ республикамыздың жарқын болашағын бағалай білудің символы, – деді Марат Төлебаев.

Салтанатты іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін күнделікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері марапатталды. ҚР Ішкі істер министрінің атынан қоғамдық тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлер мерзімінен бұрын атақтар мен медальдарға ие болды.

Сонымен қатар Астана қаласы полиция департаментінің бастығының бұйрығымен ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне бағалы сыйлықтар – сағаттар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру