Павлодар облысында өзгенің мотоциклін қолды қылған күдікті ұсталды
Павлодар облысында өзгенің мотоциклін қолды қылған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Павлодар ауданы Кемеңгер ауылының тұрғынынан мотоциклді ұрлау туралы хабарлама келіп түсті.
– Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады. Мас күйде болған ер адам “Ак-Агро” базасының аумағынан LTM-200m15 мотоциклін ұрлап әкеткені анықталды. Жауап алу барысында ұсталған адам үйге жету үшін мотоциклді ұрлағанын түсіндірді. Мотоцикл техникалық жарамды күйде иесіне қайтарылды.
Ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды,- деді Павлодар ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Бекзада Булежанов.
Мәлімет үшін, осы жылдың басынан бері өңірде 36 айдап әкету тіркелген.