Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды

Екібастұз тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңертең Екібастұз қаласының 43 жастағы тұрғыны көшелердің бірінде орналасқан көпқабатты үйдің баспалдағында қажеттілігін өтеген. Осы құқық бұзушылық туралы «102» бөлімнің кезекші пультіне үй тұрғындары қоңырау шалып, бейнежазба ұсынды.

Сот осындай бұзақылық жасаған әйелді бес тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды, сондай-ақ кіреберісті тазалады.

Осы жылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Екібастұз өңірінің 234 тұрғыны жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру