Қазақстан мен Катар қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтуда: Үкіметаралық келісімге қол қойылды
Министр Ержан Саденов бастаған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы Доха қаласына (Катар) іссапармен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сапар аясында Катардың Ішкі істер министрі шейх Халиф бен Хамад Әл Танимен кездесу өтті.
Кездесуде тараптар қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, есірткінің заңсыз айналымына, экстремизмге, киберқылмысқа қарсы күрес мәселелерін, сондай-ақ адамдарды іздестіру және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
“MILIPOL QATAR-2024” 15-ші халықаралық қауіпсіздік көрмесінің аясында өткен Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қою сапардың басты нәтижесі болды.
Бұл келісім құқық қорғау саласындағы Қазақстан-Катар қатынастарының жаңа кезеңін ашып, қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестірудің құқықтық негізін қалыптастырады.