Қарағандыда полицейлер көлікті пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіні анықтады
Биыл Қарағандыда полицейлер 89 мыңға жуық әкімшілік бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қарашада Қарағанды қалалық ПБ патрульдік полиция полкінің жасағы қала көшелерінің бірінен өтіп бара жатқан жеңіл автокөлікке назар аударды. Олар 38 жастағы ер адамның басқаруындағы көлікті тоқтатып, көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Сол күні Қарағандыға кіре берістегі “Соқыр” бекетінде 23 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тексеру кезінде патрульдік полицейлер жүксалғыштан бір ірі қара малдың өлексесін тапты. Жүргізушіде ет өнімінің өзіне тиесілі екенін растайтын құжаттары болмады. Сондықтан полиция қызметкерлері автокөлік иесін тиісті құжаттарын тексеру үшін полиция бөліміне жеткізді. Сондай-ақ полицейлер жол белгісінің ескертуіне қарамастан жол төсеміне зақым келтірген ауыр салмақты жүк көлігін тоқтатты. 40 жастағы жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кету керек, жыл басынан бастап патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 89 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті.